Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікпен ауырады

22 Қазан 2021, 12:16
11500
Бөлісу:
Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікпен ауырады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.

Дәрігер Алматыдағы онкологиялық ауруларды емдеудегі қолжетімділік туралы айта келе, биыл қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтау көрсеткіші артқанын жеткізді.

Биылғы 9 айда орталықта 13 256 науқас емделді. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда науқастар саны 15 пайызға көбейді. Бір қуантарлығы қатерлі істіктен болатын өлім-жітім 10 пайызға қысқарды. Бұл біріншіден, ем алып жатқан науқастар санының көбеюіне байланысты. Екінші жағынан ісікті ерте кезеңінде анықтап, емді ертерек бастауынан, - деді ол.

Сонымен қатар ол қатерлі ісікке шалынғандар арасында өмір сүру жағдайы ұзарғанын айтты.

Мәселен, ауырған сәтінен бері 5 жыл уақыттан бері ем алып келе жатқан науқастар саны 54%-дан асты. Статистика бойынша Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікпен ауырады. Бірақ емін алып, жұмысын жалғастырып жатқандардың саны қазір 27 мыңға жетті, - дейді орталық директоры.

Өзгелердің жаңалығы