Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда жылу құбырларын ауыстыруға байланысты көшелер жабылады

2 Мамыр 2019, 16:36
2599
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарына байланысты Гоголь мен Чокин көшелерінің аралығы жабылады. Бұл туралы қалалық мобильдік басқармасы хабарлады.

«Қазіргі уақытта Чокин көшесі бойында жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары басталды. Осыған орай 3 мамыр күні сағат 22:00-ден 5 мамыр сағат 05:00-ге дейін Чокина көшесі мен Гоголь көшесінің аралығы жабық болады. Сонымен қатар, №1 және №12 троллейбустар айналып өту жолының болмауы себепті, осы аралықта тоқтатылады», - деді басқармадағылар.

№56 автобустың бағыты да уақытша ауысатыны айтылған, автобус енді Гоголь – Байзақов – Әйтекеби – Исаева – Гоголь – әрі қарай бекітілген кесте бойынша жүреді.
Өзгелердің жаңалығы