Алматыда жылдам маневр жасайтын үздік жүргізуші анықталды

1 Мамыр 2023, 10:13
755
Бөлісу:
Алматыда жылдам маневр жасайтын үздік жүргізуші анықталды
VIDEO
Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысы ТЖД аумақтық өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері арасында "Жылдам маневр жасау бойынша үздік жүргізуші" атағына жарыс өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың 29 сәуірінде өткен бұл іс-шара өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушілерінің дағдыларын жетілдіру және кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Жарысқа Алматы облысы гарнизонының 1 негізгі және 3 қосалқы техника, 63 қызметкері қатысты.

Бейне түсіру үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрон) қолданылды. Жарыс барысында жеке құрам бағдарламаның барлық шарттарын орындады, ол бірнеше қиын кезеңдерден тұрды, мысалы, гараждан шығу, алдымен иректеп жүру, алдымен гаражға кіру, одан шығу, артпен иректеп жүру, гаражға артпен кіру, одан шығу, жолдан өту, көлемі 1 текше метр ыдыстан су ала отырып жауынгерлік орналастыру. Жарыс қорытындысы мен нәтижелері (уақыт бойынша) бойынша төрешілер шешімімен жеңімпаздар мен жүлделі орындар анықталды. Осылайша, Алматы облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ қызметкерлері арасында:

Алматыда жылдам маневр жасайтын үздік жүргізуші анықталды

1-орынды Қонаев қаласы 1-ӨСБ жеке құрамы: өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі азаматтық қорғау аға сержанты М.С. Жайсанбеков иеленді.

2-орынды Боралдай кентінің 9-ӨСБ жеке құрамы: өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі азаматтық қорғау аға сержанты Е.К. Бопегалиев алды.

3-орынды Есік қаласы 3-ӨСБ жеке құрамы: өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі аға сержант Б.С. Оразымбетов иеленді. 

Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ бірінші орын үшін «Жылдам маневр жасау бойынша үздік жүргізуші» ауыспалы кубогы табысталды.

Өзгелердің жаңалығы