Алматыда жыл соңына дейін қанша мектеп пайдалануға берілетіні айтылды

8 Қазан 2021, 17:24
16748
Бөлісу:
Алматыда жыл соңына дейін қанша мектеп пайдалануға берілетіні айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте мектеп салу жоспары туралы айтты.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының 2021 жылғы Жолдауында жарияланған тапсырмаларды іске асыру аясында Алматы қаласы Білім басқармасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазір 12 600 орынды 8 жалпы білім беру мектебінің құрылысы және 8 263 орынды 17 мектептің қосымша құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылының басына дейін 3 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды және қыркүйекте 4 150 орынға арналған қосымша құрылыс аяқталды. 4113 орынға арналған қалған 8 қосымшаның құрылысы қараша айының соңына дейін бітеді. Жаңа оқу жылының басына дейін 2 656 орынға арналған 13 жекеменшік мектеп ашылды. Осылайша жыл соңына дейін 16 мыңнан астам оқушы жаңа орынмен қамтылады,-дейді ол.

Сондай-ақ ол «Мектепке жол» акциясы аясында қаладағы аз қамтылған отбасыдан шықан оқушыларға көмек көрсетілгенін жеткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» жалпы ұлттық акциясы өткізіледі. Жаңа оқу жылының алдында әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасынан шыққан 22 142 оқушыға 774 млн 790 мың теңге көлемінде бюджет қаражатынан көмек көрсетілді. Бұл ретте «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 9 022 оқушыға 123 млн 399 мың теңгенің көмегі көрсетілді,-деді Жұманов.

Өзгелердің жаңалығы