Алматыда жыл соңына дейін 10 туристтік бағыт абаттандырылады

18 Қараша 2020, 14:49
1186
Бөлісу:
Алматыда жыл соңына дейін 10 туристтік бағыт абаттандырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында қалалық Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков мәлімдеді.

Туризм басқармасының хабарлауынша, таулы жерлерде туристік бағдарлау сапасын арттыру мақсатында тау бағыттарын абаттандыру мен цифрландыруға ерекше көңіл бөлінеді. 

Соңғы 3 жылда қалада 26 тау маршруты абаттандырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ұзындығы 157 км болатын үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында тағы 10 маршрутты абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, соңғы екі жылда 1000 - нан астам тау жолдары цифрландырылды, - деді М.Айнабеков.

Сондай-ақ, жаңа инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар тарту мақсатында Алматы тау кластерінде 100 нөмір және 50 апартаменттен тұратын «Medeu Resort» қонақ үй кешенін, «Бутаковка» шатқалында шағын хостелі мен кофеханасы бар визит-орталығын, «Шымбұлақ» ТК-де 10 модульді үйі бар глэмпингтік аймақты және 1 визит орталығын салу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы