Арнайы айып тұрағына жылдың басынан бері 1786 мопед қойылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.
Жыл басынан бері 6187 мопедші жол жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 3052-сі жаңа заң енгізілген уақыттан, яғни 5 мамырдан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Арнайы айып тұрағына жылдың басынан бері 1786 мопед қойылды. Оның 1036-сы 5 мамырдан бастап жеткізілді, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.