Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.
Оның айтуынша, қалада бірінші тоқсанда тауар айналымы 2 984,1 млрд теңгені құраған, нақты көлемінің индексі – 96,1%. Оның ішінде бөлшек сауда тауар айналымы 801,2 млрд теңгені, нақты көлемінің индексі – 98,6%-ды құраған.
Бұл ретте азық-түліктік тауарларын сату 0,9%-ға артты, азық-түліктік емес тауарларын сату 2,1%-ға төмендеді. Сонымен бірге компьютер, фармөнімдер, құрылыс материалдары, киім және аяқ киімдер сатылымының өскені байқалады. Тауарлардың кең түрі сатылымының төмендегеніне (нақты көлемінің индексі – 91,2%, үлесі – 26,5%) қарамастан, құлдыраудың жалпы қарқыны қысқаруда, - деді ол.
Көтерме сауда тауар айналымы 2 182,9 млрд теңгені, нақты көлемінің индексі – 97,6%-ды құраған. Ал жалпы Қазақстан бойынша көлемі – 5 139,1 млрд теңге, нақты көлемінің индексі – 99,5% екен.
Сондай-ақ азық-түліктік тауарларын сатудың нақты көлемінің индексі 77,2%-ды, азық-түліктік емес тауарлар бойынша – 105,5%-ды құрапты. Бұл ретте құрылыс материалдарының сатылымы 5,4%-ға, автомобильдер сатылымы 3,3%-ға, тауарлардың кең түрінің сатылымы 8,7%-ға артқан.
Азық-түліктік емес тауарлар бойынша сатылымның құлдырауы мына өнімдерде байқалады, мәселен, дизель отыны 0,8%-ға, сыртқы жабдықтар 1,2%-ға төмендеді. Дегенмен осы жылғы сәуірде сатылымның оң серпіні сақталуда және сауда саласы әрі қарай өседі деген болжам бар. Сатылымның өсуіне әсер етіп отырған негізгі себеп, қазіргі уақытта сауда нысандары үшін жеңілдік жасау, сондай-ақ, киім, аяқ киім секілді азық-түліктік емес тауарларға деген маусымдық сұраныс болып отыр. Соның негізінде, бөлшек сауда өсімі 4%-дан астам көрсеткішке, оның ішінде, азық-түліктік тауарлар 1,6%-ға, бұл 323,6 млрд теңге, азық-түліктік емес тауарлар 5,2%-ға, яғни769,6 млрд теңгеге өседі деген болжам бар, - деді Оразалин.