19 қаңтар күні таңертең Алматыда жаяу жүргінші жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Трагедия бүгін сағат 5:30-да Бостандық ауданында болды.
"Тойота" көлігінің 20 жастағы жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Қаратаев көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, жиектасқа соғылған. Содан кейін жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, 39 жастағы әйелді қағып өткен. Одан әрі жарнама тақтасының тірегіне соғылып, аударылып қалған, - делінген полиция хабарламасында.
Көлік жүргізушісі мен жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды. Адам өліміне әкелген жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.