Алматыда жоғалған жасөспірім табылды

17 Наурыз 2024, 17:36
794
Бөлісу:
Алматыда жоғалған жасөспірім табылды
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда полицейлер бірнеше тәулік бойы іздеуде болған жоғалған 15 жастағы жасөспірімді тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәмелетке толмаған бала Нұркент шағын ауданында, "Алматы Арена" спорт кешенінің маңында табылды.

Айта кетейік, жасөспірімді іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

Ең алдымен сауда және ойын-сауық орталықтары мен жеткіншектің жақын ортасы тексерілді. Сонымен қатар Алматы маңындағы базарлардың бірінде жас жігіттің қаңғып жүргені туралы ақпарат тексерілді. Іздестіру шараларының нәтижесінде жасөспірім аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы