Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатыла ма?

Әлеуметтік желілерде ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің 80 жылдығына орай Алматы қаласында ескерткіш ашу жоспарланып отырғаны жайлы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 архив 11 Наурыз 2025 2025, 11:57
11 Наурыз 2025 2025, 11:57
2057
Фото: архив

Әлеуметтік желілерде ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің 80 жылдығына орай Алматы қаласында ескерткіш ашу жоспарланып отырғаны жайлы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ТАСС мәлімдеді.

Саясаткердің кіші Отаны Алматыда ескерткішінің ашылу салтанаты мен еске алу шарасы өтеді, - деп жазады ТАСС.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының әкімдігі пікір білдірді.

Алматы қаласының мәдениет басқармасына В. Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түскен жоқ. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ, - деді Алматы қаласының әкімдігі.

Наверх