Алматыда «Жетісу» сауда кешені өртенді

18 Сәуір 2023, 21:48
632
Бөлісу:
Алматыда «Жетісу» сауда кешені өртенді
Фото: adyrna.kz

Алматыда «Жетісу» сауда-логистикалық кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, 18 сәуірде сағат 19:10-да өрт сөндірушілер шақырту бойынша оқиға орнына аттанған.

Оқиға орнына келіп жеткен төтеншеліктер контейнерлердің бірі отқа оранғанын анықтады. Су шашу оқпандары өрт гидрантына қосылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Оттың көрші контейнерлерге ұласпасы бар күш жұмсалды. Өртті сөндіру бейнебақылау жүйесі камераларының көмегімен бақыланды, - деп хабарлады ТЖД.

Сағат 19: 50-де өрт оқшауланды.

Өзгелердің жаңалығы