Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Жөндеу аймағында ескерту белгілері мен мердігер ұйымның байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
103
Фото: BAQ.KZ архиві

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 8 сәуір сағат 08:00-ден 20 сәуір сағат 08:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Янушкевич көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс ішінара шектеледі.

Жөндеу аймағында ескерту белгілері мен мердігер ұйымның байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Қозғалысқа қатысты өзекті ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-дағы @AlmatyJoly арнасында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде қолжетімді.

Наверх