Алматыда жетім балаларға 440 пәтер беріледі

13 Шілде 2023, 14:20
2254
Бөлісу:
Алматыда жетім балаларға 440 пәтер беріледі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алматыда биыл жетім балаларға 40 пәтер бөлінеді. Статистика бойынша, бес жыл ішінде жетім балаларға 246 пәтер берілген. Алдағы уақытта пәтер саны көбейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Алматыда тұрғын үй мәселесі жиі кездеседі. Тұрғын үйді пайдалануға беруде белгілі бір кідірістер болды. Биыл бюджетті қайта бөлу қарастырылуда. Мәслихаттан сұрадым, олар мені қолдап, тұрғын үй салуға қосымша қаражат бөлді. Бірінші кезеңде биыл жетім балаларға 40 пәтер бөлінеді. Осыдан кейін мен 2000 пәтер сатып алуды жоспарлап отырмын, оның 20%-ы 2023-2024 жылдар аралығында жетім балаларға беріледі, - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы