Алматыда жер сілкінісінен көлік кептелісі пайда болды

23 Қаңтар 2024, 01:20
904
Бөлісу:
Алматыда жер сілкінісінен көлік кептелісі пайда болды
Фото: автордан

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін қала көшелерінде кептеліс пайда болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жер сілкінісінен биік тұрғын үй кешенінде тұратын адамдар қала сыртына ағылған. Ол өз кезегінде қала көшелерінде көлік кептелісіне әкелді. Бейнероликті жолдаған оқырманның сөзінше, үлкен кептеліс Алма сити, Шұғыла тұрғын үй кешендері маңындағы көшелерде орын алған.

Сондай-ақ жер сілкініснен қаладағы такси құны екі есе шарықтаған.

Еске салайық, жер сілкінісінің қуаты – шамамен 5 балл. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан сезілген еді.

Өзгелердің жаңалығы