Алматыда жер сілкінгені рас па?

Бүгін сағат 16:26 шамасында Алматы тұрғындарының телефондарына шұғыл хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ 21 Қыркүйек 2025 2025, 16:36
21 Қыркүйек 2025 2025, 16:36
4639
Фото: BAQ.KZ

Бүгін сағат 16:26 шамасында Алматы тұрғындарының телефондарына шұғыл хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда жер сілкінісі жайлы айтылғанымен, шын мәнінде ешқандай дүмпу болған жоқ.

Хабарламада былай делінген:

Ұлттық ескерту! Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерге жасырылыңыздар. Толқындар басылғаннан кейін ғимараттан шығып, қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыздар! Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыздар. Қосымша ақпарат Алматы қаласының ТЖД мен әкімдіктің сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланады, - делінген хабарламада.

Бұл хабарлама қала тұрғындарының арасында дүрбелең туғызды. Ал Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабырға шақырып, жағдайға қатысты ресми түсініктеме беретінін мәлімдеді.

Наверх