Алматыда жеңіл көліктің үстіне үлкен ағаш құлады

Бөлісу:
Алматыда жеңіл көліктің үстіне үлкен ағаш құлады
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Оқиға Медеу ауданында Барибаева, 38 мекенжайында болды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде алып ағаштың жеңіл көліктің үстіне құлаған суреттері тараған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Құтқару қызметі пікір білдірді.

Оқиға орнына жедел құтқару қызметінің қызметкерлері жедел жетті. Құтқарушылар шынжырлы ара мен арнайы техниканың көмегімен диаметрі 100–120 см болатын апаттық ағашты кесіп, “Мерседес-Бенц” автокөлігін шығарды. Жұмыс 11 наурызға қараған түні 00:17-де аяқталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ,- деді Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Құтқару қызметі.

Өзгелердің жаңалығы