Алматыда жемқорлықпен тиімді күрес мәселесі талқыланып жатыр

22 Мамыр 2021, 12:03
1252
Бөлісу:
Алматыда жемқорлықпен тиімді күрес мәселесі талқыланып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда Республикалық Достық үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыратын Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп жатыр.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің қызметіне ҮЕҰ қатысу форматтарын талқылау мақсатында өткізілуде.

Жиын барысында ҮЕҰ бейресми пікір алмасуы және актикоррупциялық тақырыптың өзекті мәселелері талқыланады. Қатысушылар осы бағытты дамытуға бағытталған жаңа жобалар мен идеялар төңірегінде сөз қозғайды.

Іс - шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Adaldyqalany» жобалық кеңсесінің басшысы - министрдің штаттан тыс кеңесшісі Тимур Жұмырбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылАгенттігінің Департаменті, «Almaty-Adaldyq alany» жобалық кеңсесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҮЕҰ өкілдері қатысып жатыр.


Фото: Александр Павский
Өзгелердің жаңалығы