Алматы қаласының 112 пультіне Жетісу ауданында орналасқан жеке тұрған бір қабатты ангар типті қойма ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар оқиға орнына небәрі 9 минутта жеткен. Алғашқы бөлімше келген кезде қойма толықтай отқа оранғаны анықталды.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті бастығының басшылығымен жедел штаб құрылып, өртті сөндірудің төрт жауынгерлік учаскесі ұйымдастырылды. Қойма алдын ала электр желісінен ажыратылды. Өртті ауыздықтау және маңайдағы ғимараттарды қорғау үшін өрт сөндіру стволдары берілді.
Өртті сөндіруге жеткілікті күш пен техника жұмылдырылды. Сонымен қатар жедел қызметтер мен ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы да тартылған. Барлық бөлімшелердің үйлесімді жұмысы қамтамасыз етілді.
Жағдай толықтай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында болды. Өрт орнынан бейне трансляция нақты уақыт режімінде ТЖМ ахуалдық орталығына жіберіліп отырды.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. ТЖМ күштері өртті оқшаулап, таралуына жол бермеді.
03:05-те өрт толық сөндірілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалынның көрші қоймаларға өтпеуі қамтамасыз етілді.
Зардап шеккендер жоқ.