Алматыда жедел жәрдем көрсету орталығының жаңа ғимараты ашылды

6 Қыркүйек 2024, 12:18
394
Бөлісу:
Алматыда жедел жәрдем көрсету орталығының жаңа ғимараты ашылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығының жаңа ғимараты салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Алматыда тәулігіне 500-ден астам емделуші қабылдай алатын Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығының жаңа ғимараты ашылды. 

Манас көшесінде орналасқан нысанда 26 реанимация төсегі, 4 операциялық бөлме және заманауи диагностикалық бөлім бар. 

Ғимарат халықаралық стандартқа сай салынған. 

Бұған қоса, ауданда үш денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 

Биыл №4 және №12 емханаларды жөндеуді аяқтау жоспарланған, ал 2025 жылдың ақпан айында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы жаңартылады. 

Өзгелердің жаңалығы