Алматыда Жазушылар одағының ХVI құрылтайы өтіп жатыр

12 Мамыр 2023, 10:13
1887
Бөлісу:
Алматыда Жазушылар одағының ХVI құрылтайы өтіп жатыр
Фото: автордан

Алматыдағы Абай атындағы академиялық Опера және балет театрында қаламгерлер қауымы бас қосқан Қазақстан Жазушылар одағының ХVІ құрылтайы басталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Құрылтайға Қазақстанның әр аймағынан жиналған одақ мүшелері қатысып жатыр. Қаламгерлер бүгінгі жиында одақтың жаңа төрағасын сайлайды. Одақ төрағалығына кімдер ұсынылатыны, кімнің қанша дауыс жинап, төраға болары әзірге белгісіз.

Құрылтайдың жақсы бір қасиеті – көп жыл бойы көрмеген ескі қаламдас достарымызды көріп отырмыз. Сондықтан әзірше құрылтайдың атмосферасы көңілді деп айтуға болады. Әрине, жазушылардың құрылтайы ешқашан үнсіз өткен емес, жазушылардың үні әрдайым естіліп отырады. Өйткені жазушылық дегеннің өзі еркіндік. Сондай-ақ мойындайтын нәрсе – әр жазушы өзінше лидер. Сондықтан қай лидерді сайлайтынымыз белгісіз болып тұр, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Смағұл Елубай.

Ал Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Марат Тоқашбаев бұл құрылтайда алдағы 5 жылдықтың бағыты белгіленетінін айтады.

Қазақстан Жазушылар одағының жарғысына сәйкес 5 жылда бір рет есеп беру-сайлау жиналысы болып тұрады. Бүгін мінекей Қазақстан жазушылары мен қаламгерлерінің үлкен жиыны, үлкен бас қосуы. Бұл өткен 5 жылға есеп беріп, алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар белгілейді. Бүгінгі жиынның алдында өте көп дау-дамайлар болды. Бірақ қазіргі Қазақстанның өтпелі жағдайында біздің елімізге тұрақтылық керек. Ол тұрақтылық зиялы қауымнан, Қазақстан Жазушылар одағы сияқты үлкен бірлестіктен басталады. Сондықтан бүгінгі жиында өздерінің шешімдерін еліміздің ертеңі үшін баянды болатындай қабылдайды деп сенемін, – деді жазушы-публицист Марат Тоқашбаев.

Өзгелердің жаңалығы