Алматыда жазғы кафенің террасасы қазылған орға құлап кетті

Бөлісу:
Алматыда жазғы кафенің террасасы қазылған орға құлап кетті
Фото: humid.cat

Алматыда көп қабатты үйдің маңайында ор қазылған, тірек қабырғаларының әлсіздігінен жазғы кафенің террасасы құлап кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға әл-Фараби мен Гагарин даңғылдарының қиылысында болған. Бейнероликте көп қабатты үйдің терезелерінің астында құбыр төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын көруге болады. Бір сәтте қазылған орға кафенің жазғы террасасы құлаған. 

Ордың қабырғаға тым жақын қазылғанын көруге болады. Егер көп қабатты үйдің жартысы құласа не болмақ? Елестетудің өзі өте қорқынышты. Жөндеу жұмыстары жүргізілген сәтте барлығына абай болу керек еді, – дейді әлеуметті желі қолданушылары. 

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді.

 Бұл жағдай екі апта бұрын Бостандық ауданында орын алды. Есқараев көшесіндегі жылу трассасын қайта жаңарту кезінде қазылған орға топырақ құлаған. Мердігер ұйым тарапынан технологиялық нормаларды өрескел сақтамау фактісі анықталды. Қираған жер қабаты жақын маңдағы үйлерді қуаттандыратын электр кабельдерін зақымдады. Сол күні электр қуаты қалпына келтірілді. Болған оқиғаның салдарын жою процесі бақылауға алынды. Штаттан тыс жағдайдың туындауына жол берген мердігер ұйымға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады, – дейді баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы