Алматыда жауын-шашын салдарынан 50-ден астам учаскені су басты

25 Сәуір 2022, 21:02
1186
Бөлісу:
Алматыда жауын-шашын салдарынан 50-ден астам учаскені су басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барлық мекенжай бойынша коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдар жедел іс-шаралар атқарылып жатыр.

Алматының барлық аудандарында жағдай тұрақты, жауапты қызметтер шұғыл әрекет етуге дайын. Су басудың негізгі себептері - арықтардың қоқыспен бітелуі немесе су сыйымдылығының аздығы. Коммуналдық қызметтер арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Бұған дейін хабарланғандай, су басу проблемасын шешу мақсатында Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша су шаруашылығы объектілерінің техникалық жағдайына талдау жүргізілді. Барлығы 56 учаске анықталды, оларды аздаған жауын-шашын кезінде үнемі су басып қалады. 

Негізгі себептер - кейбір учаскелерде арық желілерінің болмауы, нөсер кәрізімен қосылмаған арықтар, бұзылған арықтар, арықтарды жолдарға шығару, сондай-ақ жұмыс істемейтін, бітелген, көмілген коллекторлар. 

Мәселені шешу үшін арық желілері мен коллекторлардың өткізу қабілетін ұлғайтып, кейін бірыңғай желіге біріктіріп, реконструкциялау жұмыстары жүргізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы