Алматының Тастыбұлақ шағынауданы, Ақжар гүлзарында 100 ағаш — терек пен қарағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараға жастар, ардагерлер және ауданның белсенді тұрғындары қатысты. Ағаштардың бір бөлігі кесілген ағаштың орнына егілген. Бұл жасыл аймақтарды қалпына келтіруге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.
Аудан бойынша ағаш егу жұмыстары 10 қарашадан бері қарқынды жүргізіліп келеді. 2025 жылы жалпы 2 200 ағаш егу жоспарланған: 1 500 — Экология және қоршаған орта басқармасы тапсырысымен, 700 — Наурызбай ауданы әкімдігінің бастамасымен, оның ішінде кесілген ағаштың орнына отырғызу да бар. Бүгінге дейін 600 ағаш егілді. Ірі көшеттер Абай және Алатау даңғылдарында, қалған ағаштар «Алма Сити» тұрғын үйлер кешендерінде (E1, E3, E4, E5) және аудан көшелерінде отырғызылды.
Ауданның көз алдымда өзгере бастағанын көргеніме қуаныштымын. Мұндай іс-шаралар әрқайсымызға қаламызды көркейтуге үлес қосуға мүмкіндік береді, - деді ардагерлердің бірі.
Барлық ағашты күтіп-баптау дұмыстары жүргізіледі. Қажет болған жағдайда қураған ағаштардың орнына көшеттер отырғызылады.