Шаһар басшысы Ерболат Досаев комьюнити орталықтар ашып, олардың санын 16-ға дейін жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комьюнити орталықтардың пайдасы мол, жастардың басын қосатын орындар пайда болды, - деді қала басшысы.
Қазір қаланың әр ауданында бір-бірден 8 комьюнити орталық ашылған. Биыл тағы 4-еуі және келесі жылы 4-еуі бой көтереді. Аумағы 300 м2 болатын әр орталықта психологиялық, заң көмегі, жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру, кәсіпкерлік бойынша кеңес беріледі.
Сондай-ақ идеяны дамытуға арналған коворкинг аймақ та бар. Жыл басынан бері онда 750 іс-шара өткізіліп, 30 мыңнан астам жас қатысқан.
«Онай» картасы негізінде орталықтың резиденттері үшін түрлі жеңілдік қарастырылған клубтық карта жүйесі енгізілді. Сондай-ақ жастарға арналған 34 демалыс орталығы жаңғыртылды.
Оқи отырыңыз: