Алматыда жасөспірімдер самокатпен келе жатып, нәрестесі бар арбаны қағып кетті

Желіде Алматыдағы тар жолдардың бірінде екі жасөспірімнің бір электросамокатқа мінгесіп келе жатып, нәресте отырған арбаға соғылған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 видеодан скриншот 2 Қыркүйек 2025 2025, 16:29
2 Қыркүйек 2025 2025, 16:29
1172
Фото: видеодан скриншот

Желіде Алматыдағы тар жолдардың бірінде екі жасөспірімнің бір электросамокатқа мінгесіп келе жатып, нәресте отырған арбаға соғылған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Абырой болғанда, сәби зардап шекпеген.

Кәмелетке толмаған ереже бұзушылар анықталды. Олар жеке қозғалыс құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналарына бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін шара қолданылды, - деп жазылған полиция хабарламасында.

Наверх