Бүгін Алматыда отбасы құрған жас жұбайлар азаматтық міндетін орындау үшін өз сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды, Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ерлі-зайыптылар бұл күні неке қиып қана қоймай, бірауыздан Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына баруға шешім қабылдады. Жас жұбайлар өздерінің болашағы олардың дауыстарына байланысты екенін түсінеді.
Дауыс беруге қалыңдық ақ көйлек, күйеу жігіт классикалық костюм киіп келді. Олар Бостандық ауданындағы №270 сайлау учаскесінде дауыс берді. Жастарға бақыт тілейміз!
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 602 сайлау учаскесі бар. 1,2 млн алматылық дауыс беру құқығын пайдалана алады.