Алматыда жас қыз көпқабатты үйден секіріп кетті

Бөлісу:
Алматыда жас қыз көпқабатты үйден секіріп кетті
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Бостандық ауданындағы "Комфорт" тұрғын үй кешенінің 18-ші қабатынан жас қыздың секіріп, қаза болғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте №9 IT лицейінің 5-сынып оқушысы өз үйінде өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болғаны жайлы жазылған еді. 

Өзгелердің жаңалығы