Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен қыз бен жігіт аман-есен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілеріне полициядан мәлімдеген.
Алматының волонтерлері таратқан бағыттамаға сәйкес, 2007 жылы туған Лағыл Бұланбаева мен 2002 жылы туған Айбек Базарбаев 2024 жылы 24 қыркүйекте жоғалып кеткен. Сағат таңғы 6-да қыз бен жігіт Еңбекшіқазақ ауданы, Кировец ауылдық округіндегі 14-ші линия, 1-үй мекенжайынан бірге кеткені анықталған.

Волонтерлердің мәліметіне сүйенсек, жоғалғандар 21 ақпанда табылды. Осы уақытқа дейін олардың қайда жүргендері айтылмаған.