Алматыда жаңа «Сергек-Патруль» іске қосылды

6 Ақпан 2023, 12:31
1144
Бөлісу:
Алматыда жаңа «Сергек-Патруль» іске қосылды
Фото: Profit.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы полициясында жаңа «Сергек-Патруль» кешені таныстырылды. Бұл функционал мегаполисте жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апат деңгейін төмендетуге бағытталған. Камералар мен жоғары интеллект көмегімен кешен қажетті көлікті көп көлік ағыны ішінен анықтайды, мемлекеттік нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді. Бұл ретте мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі «субстрат» мәніне, техникалық байқаудың және сақтандыру полисінің жоқтығына, төленбеген айыппұлдардың, айдап әкетудің және қандай да бір қылмыстарға қатысы бар-жоғына салыстырып тексеруден өтеді, - деп атап өтті Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Айтуынша, бағдарлама қоғамдық көлікке арналған жолақтарда жол ережелерін бұзуды тіркейді.

Құрылғыда тіркелген оқиғалар ЖҚЕ бұзушылықтарын өңдеу үшін әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі. Жаңа автоматтандырылған кешен өзінің техникалық мүмкіндіктерін едәуір жақсартты. Жабдық тәуліктің қараңғы уақытында, қолайсыз ауа-райында және аязда жақсы жұмыс істейді. Автоматтандырылған бағдарламалық кешен «қорғау» мобильді қосымшасымен біріктірілген. АӨК іс-қимылының алгоритмі мынадай: құқық бұзушының көлігі анықталғаннан, оның мемлекеттік нөмірін тіркегеннен кейін нақты уақыттағы нысаналы базалар бойынша салыстыру жүзеге асырылады, - деді ведомство өкілі. 

Дереу полиция қызметкерінің қызметтік планшетіне бұзушылық немесе шектеу туралы хабарлама келеді. Бұдан әрі инспектор заңнамаға сәйкес шаралар қабылдайды. Сонымен қатар  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін бағдарламада жұмыс істеу кезінде қызметкердің әрекеттері тіркеледі.

Өзгелердің жаңалығы