Алматының Бостандық ауданында тұрғындар үшін жаңа демалыс орны пайда болмақ. Қала әкімі Дархан Сатыбалды Жароков пен Си Синхай көшелерінің қиылысында салынып жатқан 4,1 гектарлық қоғамдық кеңістік құрылысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда аумақта жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, балалар ойын алаңдары, жарық шамдары мен шағын сәулет элементтері орнатылып жатыр. Жобаның маңызды бөліктерінің бірі – 120-дан астам ағаш егу: жөке, каштан және қарағай көшеттері отырғызылады.
Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, құрылыс жұмыстары үш ай ішінде толық аяқталуы тиіс.
Оқи отырыңыз: