Алматыда №76 жаңа автобус бағыты іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Наурызбай ауданы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша қалалық мобилділік басқармасы жаңа тұрақты бағыт ұйымдастырды.
№76 бағыт «Алма Сити-5»ТК» – Алатау даңғылы – Төле би көшесі – Әшімов көшесі – Райымбек даңғылы – Кудерин көшесі – Солтүстік айналым – «Сәлем» базарын қамтиды. «Адылет Авто» ЖШС қызмет көрсетеді.
2023 жылғы ISUZU маркалы 14 автобус бағытында жоспарлы қозғалыс аралығы-8 минут. Алматы әкімдігі ағымдағы жылы қосымша 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар жеке тасымалдаушылар 400-ге жуық жаңа автобус пен 15 электробус сатып алуды жоспарлауда.
Бұл 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл ретте автобустардың орташа жасы 3 жылды құрайды.