Алматыда зейнеткерді құлдықта ұстап, қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Кейбір деректерге сәйкес аш, азып-тозған 66 жастағы зейнеткерді мүгедектер арбасында отырған жерінен еріктілер байқап қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 Мамыр 2023 2023, 18:53
АВТОР
 Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ  30 Мамыр 2023 2023, 18:53
30 Мамыр 2023 2023, 18:53
1343

Кейбір деректерге сәйкес аш, азып-тозған 66 жастағы зейнеткерді мүгедектер арбасында отырған жерінен еріктілер байқап қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ақпарат pressegov телеграм каналында жарияланды.

Алматы қаласы ПД аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 126-бабы бойынша тіркелгенін хабарлайды. 

Қылмыстық іс бойынша өндірісті Жетісу аудандық ПБ-ның қызметкерлері жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып, ҚР-ның заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады, - делінген хабарламада.

Наверх