Алматыда заңсыз салынған монша кешені сүріліп жатыр

Тексеру барысында нысан иесінің ешқандай рұқсат құжаттарынсыз құрылысты жүргізгені анықталған.

 Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 11 Қыркүйек 2025 2025, 07:47
11 Қыркүйек 2025 2025, 07:47
749
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Кіші Абай көшесі, 190 мекенжайында орналасқан заңсыз салынған монша кешені бұзылып жатыр. Бұл туралы қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында нысан иесінің ешқандай рұқсат құжаттарынсыз құрылысты жүргізгені анықталған. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, заң бұзушылықты жоюға нұсқама берілген.

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 22 қарашада нысанды бұзу туралы шешім қабылдаған. Ұзаққа созылған сот талқылауларынан кейін, 2025 жылғы 2 маусымда Алматы қалалық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен заңсыз салынған нысанды сүру жұмыстары жүргізілуде.

Наверх