Алматыда заңсыз кафе мен сауда алаңдары сүрілді

Кеше, 23:55
360
Бөлісу:
Алматыда заңсыз кафе мен сауда алаңдары сүрілді
Фото: gov.kz

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы соттың шешімімен Вильямс көшесі, 73 мекенжайындағы ірі қосымша құрылыстың бұзылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұрын басқарма меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттаманың және сараптама қорытындысының, авторлық және техникалық қадағалаулардың болмауына байланысты әкімшілік шаралар қабылдаған болатын.

Тексеру барысында меншік иесі экономикалық әдіспен мансарда мен коммерциялық үй-жай салғаны анықталды.

Меншік иесі жіберілген бұзушылықтарды жоюға берілген нұсқаманы орындамады және басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бұзуға талап арыз берді.

Осы жылдың 7 наурызында соттың шешімімен басқарманың талап-арызы қанағаттандырылды.

Меншік иесі нысанды сот орындаушыларының қатысуымен өз бетінше бұзды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 45 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және т.б. толық немесе жартылай бұзылған.

Өзгелердің жаңалығы