Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Әуезов ауданындағы үлкен жер учаскесі заңсыз автотұрақтан босатылды. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Әуезов ауданында, Шаляпин көшесінің солтүстігі, Момышұлы көшесінің шығысында, аумағы 0,1011 га құрайтын жер учаскесі ақылы автотұрақ ретінде пайдаланылып келген.
Бұған дейін Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен аталған жер учаскесі «SERIK PLUS LTD» ЖШС-не уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалануына 4 жыл 10 ай мерзімге - 27.02.2018 жылға дейін берілген. Алайда, мерзімі аяқталса да, жалға алушы жерді босатпай келген. Біз осы іске байланысты талап арызды сотқа жібердік, нәтижесінде МАӘС оң шешім шығарды, бірақ жалға алушы апелляциялық шағым түсіргендіктен, сот процестері жалғасып, ұзаққа созылып кетті,-делінген хабарламада.
Кейін Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалған. Алайда жақында басқарма қызметкерлері сот орындаушыларымен бірге мемлекеттік қордың жер учаскесін күшпен босатқан.