2022 жылы денсаулық сақтау жүйесін жақсарту аясында медициналық ұйымдарға қажетті құрал-жабдық алуға 16,4 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) 4 нысаны аяқталып келеді, сонымен қатар, 7 нысанның жобалық құжаттамасы әзірленді. 2023 жылы 10 көпсалалы аурухананы жаңғырту, 4 отбасылық дәрігерлік амбулатория салу, сонымен бірге, 6 жаңа емхана мен 3 отбасылық дәрігерлік амбулаторияның жобасы дайындалады.
Олар Алматы қаласының МСАК әзірленіп жатқан бірыңғай стандартын ескере отырып іске асырылады. Келесі жылы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға 31,5 млрд теңге қарастырылған.