Алматы, BAQ. KZ, Өткен тәулік қорытындысы бойынша қоғамдық орындарда азаматтарды тым көп мазалауға байланысты 28 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
"Қалада "Құқық және тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Сейфуллин даңғылы бойынша біздің бөлімше қызметкерлері іс-шара өткізді. Осыған байланысты, жол бойындағы қонақ үйлер, барлар және басқа да ойын-сауық орындарында жергілікті рейд жүргізуге шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚбК-нің 450 бабына сәйкес – жезөкшелікпен айналысуға арналған белгілі бір үй-жай беру, бір түн ішінде интим-қызмет көрсететін 4 жезөкше үйі анықталды. Жезөкшелер үйінің 1-і теміржол вокзалының жанында орналасқан қонақ үйдің ішінде, ал қалған 3-і пәтерде орналасқан. Ондағы адамдар, соның ішінде "клиенттер" ПД-не жеткізіліп, қылмыстық жазба арқылы тексерілді. Олардың арасында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздестіруде жүрген 3 адам бар", - дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев."Қоғамдық орындарда ішімдік ішіп мас болып жүретін 43 адамға айыппұл салынды. Кішігірім құқық бұзушылық бойынша 64 адамға әкімшілік материалдар жиналды", -деді ол.