Алматыдағы стационарлар 3 эшелонға бөлінді

16 Шілде 2020, 18:25
1245
Бөлісу:
Алматыдағы стационарлар 3 эшелонға бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтты.

Біз қаладағы коронавирусқа қарсы шараларды белсенді түрде жалғастырудамыз және жоғары дайындық деңгейінде жұмыс істеп жатырмыз. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауға алынған. Бүгінде Алматыда 8259 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Соңғы тәулікте 219 жаңа жағдай тіркелді. Жазылып шыққандар көлемі барлық сырқаттанғандардың 60%-ын құрайды, соңғы тәулікте 124 адам жазылып шыққан, ал қаза болғандардың жалпы саны – 54. Коронавирус симптомымен үй карантинінде жатқан науқастар саны - 2 435, оның ішінде симптомсыздар көлемі – 1744, симптомы барлар саны – 691. Олардың дені аурудың жеңіл деңгейлі түрімен жатыр. Жалпы, төсек-орын қуаттылығы бүгінде 5092-ні құрайды. Оның 60%-ы қолданыста, - деді ол.
Басқарма басшысы коронавирус инфекциясының таралуы салдарынан болған эпидемиологиялық жағдай стационарлық, амбулаторлық деңгейде шешімді қадамдар мен індетпен күресте жаңа стратегияны талап ететінін жеткізді.
Осыған байланысты біз пациенттер легін басқаруда оларды провизорлық және инфекциялық профильдерге бөлу принципінен арыла бастадық. Себебі, бүгінде пациенттердің барлығынан дерлік коронавирус инфекциясы анықталуда. Оларды провизорлық және инфекциялық деп бөлудің маңызы жоқ. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен клиникалық хаттама коронавирус инфекциясының диагнозын зертханалық тұжырымды күтпей-ақ, клиникалық белгілер негізінде анықтауға мүмкіндік береді, - деді ол.
Қамалжан Надыров коронавирус инфекциясымен күрес бағытында қабылданған стратегияның ерекшелігіне тоқталды. Ол стационарлардың 3 эшелонға бөлінгенін айтты.
Біздің стратегиямыздың ерекшелігі сол, пациентті ауруханаға жатқызуда оның дертінің ауырлық деңгейіне байланысты шешім шығарамыз. Осы бағытта біз стационарларды 3 эшелонға бөлдік. Оның біріншісіне – жан сақтау бөлімі және интенсивті терапия палаталарымен жабдықталған материалды-техникалық базасы бар клиникалар кіреді. Қалада осындай 5 клиника бар. Жағдайы ауыр пациенттерді қабылдауға дайын клиникалардағы төсек-орын саны – 1850. Екінші эшелон бойынша біз 16 профильді клиника базасында жұмыс істейміз. Төсек-орын қуаттылығы – 1875. Үшінші эшелонға 2 ұйымды қостық. Ондағы төсек-орын саны 1350, оның 1000-ы "Халық-Арена" базасында орналасқан. Аталмыш кешен базасында жақын күндері 60 төсек-орны бар толыққанды жабдықталған реанимация бөлімі ашылады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы