Алматыдағы Сайран өзенінде адамға қауіпті микроорганизм анықталды

<h4>Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігі Сайран өзенінен қауіпті микроорганизм табылғанын хабарлады.</h4>

 25 Маусым 2020 2020, 09:50
25 Маусым 2020 2020, 09:50
1759

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігі Сайран өзенінен қауіпті микроорганизм табылғанын хабарлады.

Құрметті азаматтар! Алматы қалалық "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сараптамасына сәйкес, Сайран көлінің шығыс жағалауынан демалушылардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін адам үшін қауіпті микроорганизмдер анықталды,  -делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аталған жағалау жабылып, 2020 жылдың 25 маусымынан бастап суға түсуге тыйым салынғаны айтылған.

Наверх