Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-жаттығудың мақсаты-адамдар көп жиналатын жердегі өртті сөндіру кезінде Алматы өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының дайындық деңгейін анықтау және өрт шыққан жағдайдағы қызметкерлердің іс-әрекеттерін бағалау.
Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша оқу-жаттығудың шарты бойынша өрт төртінші қабатта орын алды. Үй-жайда жоғары температура мен қатты түтін пайда болды Адамдардың өміріне қауіп төніп, өрт тез арада тарала бастады.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында күзет агенттігінің қауіпсіздік қызметімен бірлесіп сауда орталығының 600-ден астам келушісі есепті уақытқа сәйкес эвакуацияланды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар қысқа мерзімде шартты өртті сөндіріп үлгерді.
Алматы қаласы ТЖД-і сауда объектілеріне келушілерге өрт болған жағдайда қалай дұрыс әрекет етуге болатынын ескертеді:
- Кез келген үй-жайға кіргенде "Шығу" белгілерімен белгіленген қосалқы және авариялық шығу жолдарына назар аудару қажет.
- Ғимараттан жақын жердегі эвакуациялық шығу бағытына қарай жүру қажет. Заттарды жинап, уақытты жоғалтып бөгелмей, өрт болған жерден тез арада шығып кету керек
- Жанудың зиянды өнімдері үй-жайда сіздің бойыңыздың деңгейінде және одан жоғары жиналуы мүмкін, сондықтан түтін болған жағдайда төрт табандап немесе еңбектеп шығу керек, өйткені еденге жақын жерде ауа температурасы төмен және онда оттегі көбірек болады.
- Егер қою түтіннен өңеш жолдары жыбырлап, көз жасаураса – тыныс жолдарын көп қабатты мақта матамен жауып, мата арқылы дем алу қажет.
- Өрт пайда болған жағдайда немесе жану белгілері (түтіндеу, температураның жоғарылауы, күйік иісі) туралы өртке қарсы қызметке "101" немесе "112" телефон нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тіпті нөлдік баланс кезінде де қолжетімді) хабарлаңыз.