Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан COVID-19-дан айыққан соңғы науқас шықты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің Тelegram каналында хабарланды.
Кеше біз екі жақты пневмониямен ауыратын соңғы науқасты шығардық. Науқастың жағдайы жақсы және ол біздің дәрігерлерге өте риза. Енді орталықтағы жұқпаулы ауру-провизорлық бөлімшені кардиохирургиялық бөлімшеге жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жандануына байланысты жауып тастадық, - дейді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов.Пандемияға байланысты орталықта шілдеден бастап ЖРВИ немесе COVID-19 белгілері бар пациенттер үшін 25 провизорлық және жұқпалы ауруға 5 төсекке арналған жұқпалы ауру-провизорлық бөлімше ашылған болатын.
Бөлімше жұмысы барысында 118 науқас емделді, 48 бала қабылданды, оның 20-сына кесарево отасы жасалған. Науқастар арасында коронавирустан өлім жағдайлары тіркелген жоқ.