Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Esentai Mall ойын-сауық орталығы Қазақстан аумағы бойынша енгізілген төтенше жағдайларға байланысты наурыздың 16-нан бастап жұмысын тоқтататынын мәлімдеді.
Алайда орталық аумағындағы дәріхана, ақша айырбасау орындары, автотұрақ пен көлік жуу қызметтері бұрынғыдай жұмыс істей береді.
Сондай-ақ қаладағы Сейфуллин мен Мақатаев қиылысындағы Mega Park пен Розыбаекиев көшесі бойындағы MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталықтары да жартылай жұмыс істейтіндіктерін мәлімдеді.
Қымбатты қонақтар! Ертең, 16 наурыз күні MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы жұмыс істейді. Біз сіздерді 10:00-ден бастап күтеміз. "Рамстор" супермаркеті, дәріхана, химтазалау, ателье, банк бөлімшелері, Auto Spa Astana Motors-та 10:00-ден бастап жұмыс жасайды. Chaplin Cinemas кинотеатры және балалар ойын-сауық орталықтары өз жұмысын тоқтатты, - делінген орталық таратқан хабарламада.
Айта кетсек, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуына байланысты сәуірдің 5-не дейін елде төтенше жағдай жариялаған болатын.