Алматыда виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды

3 Шілде 2020, 16:16
1956
Бөлісу:
Алматыда виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурсы жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек, негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді, - деді Сағынтаев. 

Қала әкімі бүгінгі қалыптасқан жағдайда "виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы" ашылғанын айтты.

Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе6 қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді, - деді қала басшысы.

Сағынтаев жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт өскенін айтты.

Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Мұны індеттің көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы