Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қазан, жексенбі күні Алматыда «Tour of Kazakhstan. Almaty 2021» әуесқой веложарысының екінші кезеңі өтеді.
Осыған байланысты «Медеу» мұз айдынына апаратын автожол ішінара жабылады. Қазақстан велоспорты федерациясы мәлімдегендей, веложарыс таңғы 9.30-да «Royal Tulip» қонақүйінің жанында басталады. Жарыстың мәресі сағат 11.00-де «Медеу» мұз айдынында өтеді деп жоспарланды.
Осыған байланысты қаланың Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысынан «Медеу» мұз айдынына дейінгі автожол аралығы таңғы 9.30-дан 11.00-ге дейін жабылады.
Федерация өкілдері қала тұрғындарына бұл күні көлікпен жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды ескертті.