Алматыда валюта саудасы тоқтатылды

28 Ақпан 2022, 12:53
1393
Бөлісу:
Алматыда валюта саудасы тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасын сату және сатып алу тоқтатылды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыда ақша айырбастау орындары валюта сатып алмайды және сатпайды.

Елордадағы барлық ақша айырбастау пункттері де шетел валютасымен операцияларды тоқтатқан.

Бұған дейін Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлескен мәлімдеме жасаған болатын.

Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, 28 ақпанда сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

Өзгелердің жаңалығы