Алматыда вакцинация тұрғылықты жері бойынша ғана жүргізілмейді

4 Сәуір 2021, 18:16
1668
Бөлісу:
Алматыда вакцинация тұрғылықты жері бойынша ғана жүргізілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қала әкімдігінің өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы тікелей эфирде Алматы қаласы қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қалада вакцинация тұрғылықты жері бойынша ғана жүргізілмейтінін айтты.

Оның сөзінше, вакцина алу үшін тұрғылықты жері бойынша ғана бару міндетті емес.

Вакцинацияға жазылған белгілі бір контингент бар. Бұл диспансерлік мекемедегі науқастар, медициналық мекемелердің қызметкерлері, полиция қызметкерлері, мұғалімдер. Олар жазба бойынша егуді жалғастыруда. Бірақ бұдан басқа, біз тіркемеден тыс, тіпті жоғарыда аталған адамдар тобына кірмейтіндерге де вакцинациялауға рұқсат бердік. Егер Алматы тұрғыны жұмыс орны бойынша жақын маңдағы емханаға жүгінсе, ешкім бас тартпайды. Себебі Алматыға басқа өңірлерден келіп, осында жұмыс істейтін адамдардың үлкен пайызы бар, - деп түсіндірді Нариман Табынбаев.

Сонымен қатар басқарма басшысы онлайн брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы вакцинациялауды жұмыс орны бойынша жүргізуге рұқсат бергенін айтты.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық дасқармасының басшысы Нариман Табынбаев COVID-19-ға қарсы вакцинациялау барысы және Денсаулық сақтау министрлігінен вакциналардың дозаларын жаппай жеткізуді қабылдауға дайындық туралы айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы