Алматыда вакцинация паспорты сатылып жатқаны рас па?

28 Сәуір 2021, 12:00
2209
Бөлісу:
Алматыда вакцинация паспорты сатылып жатқаны рас па?

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалада вакцинация паспорты сатылып жатыр деген мәселеге қатысты жауап берді.

Бірқатар БАҚ-та «Вакцинациядан өткеннен кейінгі электрондық паспортты сату бойынша жаңа бизнес» туралы материал жарияланған. Қоғамдық денсаулық басқармасы мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипатта екенін және заңмен қудаланатынын ресми түрде хабарлайды. Аталған материал бойынша арнайы қызметтік тергеу жұмыстары басталды, - делінген хабарламада.

ҚДСБ-ның мәліметінше, қазіргі уақытта вакцинациядан өткендігі туралы электрондық паспортты беру фактісі расталмаған. Сонымен қатар барлық медициналық ұйымдар мен РЭДО-ның ақпараттық жүйелері және дерекқорларын толық салыстырып тексерілуде.

Аталған ақпарат расталған жағдайда, тергеу нәтижелері ҚР заңына сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына беріледі, - делінген хабарламада.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ вакцинациялау мәселелері бойынша жүйелерге қол жеткізе алатын қызметкерлермен алдын алу іс-шараларын жүргізетінін жеткізді. 

Өзгелердің жаңалығы