Алматыда вакцина алғандар саны 1 млн-ға жуықтады

16 Қыркүйек 2021, 13:34
10137
Бөлісу:
Алматыда вакцина алғандар саны 1 млн-ға жуықтады

Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша коронавирусқа қарсы вакцианның 1-компонентін 3 033 адам, 2-компонентін 3 448 адам салдырған.

Жыл басынан бері вакцинаның 1-компонентін 919 907 адам, 2-компонентін 807 786 адам алған. Вакцина алғандардың 115 920-сы 60 жастан асқан адамдар.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тамыз айына қарағанда қалада вирусты жұқтыру жағдайы төмендеген. Мәселен, тамыз айында күніне 1600-ге жуық адамнан вирус анықталса, қазір 700-ге дейін төмендеген. 15 қыркүйек күні қалада 704 адамнан вирус анықталған, оның 675 симптомдық белгілері бар және 29-да ауру белгісі болмаған.

Инфекциялық стационарларда 2 767 адам ем алып жатыр, оның 77-і бала. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 277 науқас жатыр. ӨЖЖ – 56, инвазивті емес ӨЖЖ – 123, High flow-да 79 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 6 171 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 6 008 адам болса, 163-і симптомсыз.

Өзгелердің жаңалығы