Алматыда V қысқы Спартакиада өтіп жатыр

20 Желтоқсан 2021, 12:41
1383
Бөлісу:
Алматыда V қысқы Спартакиада өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Спартакиада бағдарламасына спорттың 14 түрі енді. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасы хабарлады.

Ертең «Алматы Арена» мұз айдынында Қазақстан Республикасының V қысқы спорт ойындарының салтанатты ашылуы болады.

Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық командаларды жинақтау, халықаралық жарыстарға даярлау, оның қатарында Қысқы Олимпиада да бар. Спартакиада бағдарламасына спорттың 14 түрі енді.

Естеріңізге салайық, 8-27 желтоқсан аралығына жоспарланған Алматыда Қазақстан Республикасының V қысқы Спартакиадасы өтіп жатыр.

Қазіргі уақытта жарысқа 16 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланың атынан 1300-ге жуық адамнан құралған құрама командалар қатысып жатыр. Кешенді спартакиада 14 спорт түрінен үздік атағына таласатын еліміздің ең мықты спортшыларын жинады: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей (ерлер), шайбалы хоккей (әйелдер), тау шаңғысы спорты, аралас шаңғы, шаңғымен секіру, сноуборд, фристайл-могул, фристайл акробатика.

Өзгелердің жаңалығы