Алматының Медеу ауданында пештің ақаулығынан үй иесі қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы ТЖД мәліметі бойынша оқыс оқиға сағат 19.50-де Медеу ауданы, Көктөбе, 2, Монтажник көшесіндегі 25 үйде орын алған.
Бұрын қатты отынмен жанатын пештің ақаулығына байланысты улы газдан уланып, жедел жәрдем келгенше 1960 жылы туған үй иесі қайтыс болды, - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, полиция қызметкерлері дереу жіберілді. Болған жағдайдың мән-жайы анықталуда.
Осыған орай, көміртегі тотығымен улануынан қайғылы жағдайларды болдырмау үшін Алматы қаласы ТЖД келесі қарапайым ережелерді орындау қажеттілігін еске салады:
• жылыту маусымы кезінде түтін құбырларын, жылыту пештерінің мұржаларын күйеден жиі тазалаңыз;
* мұржаның тартылуын тексеріңіз және пештің мұржасын түнде жауып тастамаңыз;
пештерде, түтін мұржаларында және басқа да жылыту құрылғыларда отын, кір және басқа да жанғыш заттарды кептіруге жол бермеу; автономды жылыту мен газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтаңыз!